"Ақмола облысы Білім басқармасының Қосшы қаласының № 20 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ
КГУ "Кабинет психолого-педагогической коррекции №20 города Косшы управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп

2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп

 

1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер

Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді «Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласының №20 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ көрсетеді.

Заңды мекенжайы: Қосшы қаласы, Лесная Поляна, 2 квартал, 8 құрылыс.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласының №20 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

402007 «Дамуында проблемалар бар балалар мен жасөспірімдердіоңалту және әлеуметтік бейімдеу»;

803018 «Мұғалімдердің аттестациялауға құжаттарын қабылдау»;

803010-1 «Білім беру мемлекеттік ұйымдарындағы бос немесе уақытша бос педагог лауазымына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау».

2025 жылы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті 134 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде:

  • Электрондық үкімет порталы арқылы – 0 мемлекеттік қызмет;
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 0 мемлекеттік қызмет;
  • Қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы - 134 мемлекеттік қызмет;
  • Қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық форматта - 0 мемлекеттік қызмет;

Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тартулар өтініш бойынша берілген жоқ.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Дамуында проблемалар бар балалар мен жасөспірімдердіоңалту және әлеуметтік бейімдеу».

 

2. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары туралы мәліметтер

Қызмет алушылар үшін қажетті барлық ақпарат психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің @kppk_20_k атты instagram парақшасында  және ресми интернет-ресурсында kpk20-kosshi.aqmoedu.kz  «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары жарияланған.

Сондай-ақ ресми интернет-ресурстарында және ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

2) Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар

2025 жылы түзету кабинеті баспа басылымдарында мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша 3 мақала және instagram әлеуметтік желісінде 1 тікелей эфир жүргізді. 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру және қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы хабардар ету жұмыстары жүргізілуде.

Түсіндіру жұмыстары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға кеңес беру, дөңгелек үстелдер, ата-аналар жиналыстары түрінде жүргізілді.

 

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында қызмет көрсетуші Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің АРМ ГУ МОН РК жүйесінде жұмыс істейді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

           Білім беру саласында түзету кабинетінде мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін біліктілікті арттыру курстарынан өткен 2 қызметкер жұмыс істейді. Мамандар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.

Түзету кабинетінде «еgоv.кz» ө-іне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету бұрышына жедел жады 8 гб болатын 1 ноутбук сатып алынды.

 

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

2025 жыл ішінде білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері

Түзету кабинетінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы тіркелген жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылауды әдіскер мен ұйым басшысы жүзеге асырады.

2025 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша түзету кабинетіне қатысты ескертулер жоқ.

 

 

5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру перспективалары

Мемлекеттік қызметтер көрсету тиімділігін және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын қатаң сақтау;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • электрондық үкімет порталы арқылы жүгінулер үлесін арттыру;
  • қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.

2026 жылы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді әрі сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады.


Текст