1.Жалпы ережелер
1)Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: Ақмола облысы білім басқармасының "Қосшы каласының №20 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ Заңды мекен-жайы: Қосшы қаласы Лесная поляна, квартал 2, строение 8. 2)Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: Ақмола облысы білім басқармасының "Қосшы каласының №20 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
«Даму проблемалары бар балаларды мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы негізінде Қосшы қаласы бойынша сөйлеу тілінің бұзылыстары бар, психикалық дамуы тежелген, тірек-қимыл аппаратының бұзылысы, зерде бұзылысы, эмоциялық-ерік әрекетінде және мінез-құлқында бұзылыстары бар ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді. Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін түрде көрсетіледі. «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау».
2024 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 161 қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы- 0 қызмет; - электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер- 149 қызмет; - қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер- 12 қызмет. - бас тарту- 65 қызмет.
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1)Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет-ресурста орналастырылған kpk20-kosshi.aqmoedu.kz және instagram @kppk_20_k парақшасында Ақмола облысы білім басқармасының «Қосшы каласының №20 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, ақпараттық стендте мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті нормативтік құқықтық актілерді әзірленеді.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
2024 жылы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті БАҚ және әлеуметтік желілерде 6 мақала жариялады, Instagram парақшасында 1 тікелей эфир өткізілді. БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті 2024 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ АЖО жүйесінде жұмыс істейді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген және 2 жауапты қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді, 1 қызметкердің мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде біліктілігін арттыру сертификаты бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
2024 жылы бақылау іс-шаралары өткізілген жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру
Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылға "Ақмола облысының білім басқармасы" ММ ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2025 жылы Ақмола облысы білім басқармасының "Қосшы каласының №20 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.